Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер әскери прокурорлардың және әскери-заң органдары басшыларының кездесуі туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер әскери прокурорлардың және әскери-заң органдары басшыларының кездесуі туралы

Ағымдағы жылдың 7, 8 және 9 қарашасында Шэньси провинциясының Сиань қаласында (Қытай) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің Бас әскери прокурорлары мен әскери-заң органдары басшыларының кездесулері өткізілді.

Кездесулер сындарлы және достық атмосферада, өзара құрмет, түсіністік пен сенім жағдайында өтті.

Әскери прокуратура органдарының кәсіби ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері бойынша кең пікір алмасу болды.

Атап айтқанда, 8 қарашада қытай тарапынан дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери прокурорлар мен әскери-заң органдарының (бұдан әрі - әскери прокурорлар) өкілдері  қатысты, сондай-ақ онда Беларуссия мен Моңғолияның өкілдері болды.  

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің әскери прокуратуралары арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға, оның ішінде шекаралас аудандардағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол сұғуға қарсы күресте ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және тәжірибе алмасу практикасын дамыту туралы шешім қабылданды.

 

Бас әскери прокуратура