Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар

Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар

Қостанай гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет полковнигі Ермек Аманғалиұлы Ельмухамбетов тағайындалды.

Е.Ельмухамбетов 1985 жылы дүниеге келген. Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құқықтану мамандығымен бітірген.

Әскери прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылы Батыс аймағы, Шекара әскерлері және Алматы гарнизоны әскери прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарын дәйекті түрде атқарған.

Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде әр түрлі лауазымдарын атқарды.

Осы тағайындауға дейін – Бас әскери прокурордың аға көмекшісі болған.

Прокуратура органдарында еңбек өтілі 18 жылдан астам.

 

Бас әскери прокуратура