Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар

Бас Прокурордың бұйрықтарымен әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.
Приозерск гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет полковнигі Алиярхан Қаңлыбайұлы Рүстембаев тағайындалды.
А.Рүстембаев 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясының құқықтану мамандығымен бітірген.
Әскери прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы Сарыөзек және Алматы гарнизондар әскери прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарын дәйекті түрде атқарған.
Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде аға әскери прокурор лауазымдарын атқарды.
Басшылық лауазымдарда жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар. Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.
Осы тағайындауға дейін – Қостанай гарнизонының әскери прокуроры болған.
Прокуратура органдарында еңбек өтілі 20 жылдан астам.
Бас әскери прокуратура