Әскери прокурорлар Абай күніне шығармашылық кештер өткізді

Әскери прокурорлар Абай күніне шығармашылық кештер өткізді

     

       Елімізде Абай Құнанбаевтың есімі – қазақ тарихындағы ұлы есімдердің бірі десек артық айтқандық емес. Оған Абайдың ғибратты ғұмыры мен артында қалған өлмейтін, өшпейтін рұхани мұрасы дәлел.

       Ұлы Абай әр өлеңін, әр шығармасын болашақ ұрпаққа арнады және ол оларға үлкен үміт артты. Ол халықтың тәжірибесінен шындық туралы айта отырып, адамгершілік пен шынайы достыққа шақырады. Егер сіз кез-келген шығарманы алсаңыз, сарқылмас қазынаның мағынасында үлкен адамгершілік тәрбиесі жасырылғанын көре аласыз.

       Ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философтың шығармаларын дәріптеу мақсатында әскери прокуратура органдарында шығармашылық байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.

      Байқауға қатысушылардың негізгі талабы ұлы ақынның шығармаларынан үзінділер мен өлеңдерді жатқа және мәнерлеп оқу болды. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы өте жақсы орындады.

       Өткізілген конкурстардың нәтижелері аймақтар мен гарнизондардың әскери прокуратураларының әлеуметтік желілерінде жарияланды.

 

                                                                                               Бас әскери прокурату