Бас әскери прокурор Шығыс аймағындағы әскери объектілерде болды

Бас әскери прокурор Дастан Секенов жұмыс сапарымен Абай өңірлік, сонымен қатар Аягөз және Өскемен гарнизондарына барды.
Аталған гарнизондарда жұмыс сапары барысында оның төрағалығымен әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесінің отырысы өтті.
Бас әскери прокурор қатысушылардың назарын гарнизондағы әскерлерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери тәртіпті нығайту қажеттілігіне аударды.
Дастан Секенов гарнизондық әскери прокуратуралар жұмысын ұйымдастырумен танысты, қадағалаудағы әскери бөлімдер мен әскери-құқық қорғау органдарына барды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Бас әскери прокуратура