Астаналық бригадада депутаттар әскери қызметшілермен кездесті

7 ақпанда Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Жақсыбеков және Астана қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шәкенов әскери қызметшілермен кездесті.
Кездесу барысында депутаттармен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Пікір алмасу болып, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындауға дайын екендігін жеткізді.
Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы