Әскери органдардың сот орындаушылармен өзара іс-қимылдарын жақсарту – сот актілерін орындау тиімділігінің кепілі тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

Әскери органдардың сот орындаушылармен өзара іс-қимылдарын жақсарту – сот актілерін орындау тиімділігінің кепілі тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

29 мамырда Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мажреновтың бастауымен «Әскери органдардың сот орындаушылармен өзара іс-қимылдарын жақсарту – сот актілерін орындау тиімділігінің кепілі» тақырыбында Жоғарғы Сот, әділет Министірлігінің, Әскери Сот, жеке сот орындаушылардың Републикалық Палатасының, орталық әскери құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.      

Сонымен қатар, видеоконференц байланысы арқылы әділет органдарының лауазымды тұлғалары, әскери бөлімшелердің басшылығы, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Кездесудің мақсаты – сот актілерін орындау шеңберіндегі пікірлермен ойларды тоғыстандыру, тәжірибемен бөлісу қажеттілігі, алға басудың жолдары мен түрлерін ойластыру.  

Талқылау барысында дөнгелек үстелге қатысушылар араларында тисті ұсыныстар беру жолымен пікір алмасулар орын алды.

Жоғарғы Сот өкілдерімен «Сот кабинеті» жүйесін және «Төрелік» ақпараттық жүесін жетілдіру бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша әскери құрылымдардың өкілдеріне сот актісін орындау туралы, Бас әскери прокуратурамен және Алматы гарнизоны әскери прокуратурасымен әзірленген Жадынама әскери бөлімдердің заңгерлеріне практикалық көмек көрсету мақсатында берілді

Бас әскери прокуратура