Цифрландырудағы инновациялар

       Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауында айтылған цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Комитет 2025-2026 жылдары Комитеттің бірқатар функцияларын цифрлық өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде.

        Мәселен, мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру процестері және керісінше, сондай-ақ мемлекеттің сыйға тарту шарттары бойынша жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлкіне құқық алу процестері автоматтандырылып, жүзеге асырылады. 

        Осы шараларды қабылдау әкімшілік рәсімдердің мерзімдерін қысқартуға, қағаз құжат айналымын төмендетуге және процестердің ашықтығын арттыруға ықпал етті.

        Сондай-ақ цифрландыру мақсатында кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу тәртібі, сондай-ақ республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру тәртібі әзірленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы заңнамада белгіленген тәртіппен келісу рәсімінен өтуде.