«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

       Жоба Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
      2026 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Жобада мемлекеттік қызметшілерге немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық немесе өзге де ресми іс-шара кезінде берілген (тапсырылған) мемлекеттік мүлік құрамына өтеусіз түскен сыйлықтарды алу құқығы бөлігінде мемлекеттік заңды тұлғалардың функцияларын кеңейту көзделеді.

      Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15871379) 2026 жылғы 10 шілдедегі қаңтарда орналастырылды.

      Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 24 шілдедегі дейін.