«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі №810 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

   «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектілерiнiң тiзбесiн өзектендіру мақсатында Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) толықтырулар енгізу көзделеді.

   Жоба Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 6-1-Н-қбп нұсқамасы негізінде әзірленді.

   Жобаны қабылдау мақсаты Тiзбені өзектендіру болып табылады.

 Жобаны іске асыру мемлекеттің экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық, экологиялық жай-күйі, техникалық жарақтандырылу деңгейі және негізгі қорлардың тозу дәрежесі туралы дұрыс ақпаратқа ие болуына мүмкіндік береді.

   Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.

 Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15875220) 2026 жылғы 16 шілдеде орналастырылды.

   Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2026 жылғы 31 шілдеге дейін.