Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Аңбаев Р.Ә. Рождество құтты болсын

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Рождество Христово мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке жақсылық, мейірімділік, сүйіспеншілік және жақынына қамқорлық жасаудың ғасырлар бойғы дәстүрлерін білдіреді. Көптеген ғасырлар бойы Рождество адамдарға сенім мен үміттің өшпес нұрын сыйлайды, біздің өмірімізге келісім мен өзара құрмет әкеледі.
Біздің елімізде әлемдік қоғамдастықта толеранттылық пен бірліктің үлгісіне айналған әртүрлі діндер мен ұлттардың өкілдері қатар өмір сүреді.
Бұл елдің тұрақты дамуының кепілі болған ынтымақтық пен бірлік болды. Бүгін православиелік христиандармен бірге бұл мерекені барлық қазақстандықтар қарсы алады.
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, бейбітшілік және игі істерде табыс тілеймін!
Рождество Христова мерекесі әр үйге жылулық, қуаныш пен отбасылық бақыт әкелсін!