ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті Гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № ОГИОГП-2, уақытша (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін).
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдалану объектілері бойынша гидрогеологиялық ақпаратты жинақтау, мерзімді есептерді құрастыру. Кеңес және жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кіші комиссиясының жер асты суы қорларын есептеулерді қарау жөніндегі хаттамаларын құрастыру. Арнайы су пайдалану талаптарын келісу. Жоба, геологиялық тапсырма мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын жұмыстар бойынша нақты есептерді қарау. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша дала және камералық жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу, қажеттілік туындаған кезде учаскеге барып жұмыстарды қабылдау. Ағымдағы жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8(7172)-74-12-92