Батыс Қазақстан өңірлік инспекциясының бөлім-инспекция басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Тұрақты жұмыс орны Орал қаласында.

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Геология
  • Гидрология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі

Функционалды міндеттер

Жер қойнауын геологиялық зеттеуге және жер қойнауы кеңістігін пайдалану лицензиясын беруге басшылық жасау, қатысу; Лицензиялық келісімшарт шарттарының жылдық есептерін жинауды, қорытындылауды, талдауды ұйымдастыру; жұмысты жоспарлай, жинақталған материалдарды талдай білу; нақты негізделген шешімдер мен ұсыныстар беру; Лицензиялық келісімшарт шарттарының үлгілері бойынша жылдық есептерді талдау; Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зеттеуге арналған лицензия және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау; жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақоның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер қойнауының мемлекеттік мониторинг жүргізу, геологиялық ақпараттты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру; өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық иесіз және мұнай-газ авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру; жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу; жер қойнауы кеңістігін пайдаланыдң салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру; жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру; Қазақстан Республикасы Кәсіптік кодексінің 141-бабының 3 тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3 тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерілетін субъектілерге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарлау; мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні рәсімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу; тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні рәсімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу; кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсанындағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;  Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде, Министр бұйрықтарында және геология Комитетінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; жер қойнауын пайдаланушылардың ақпараттық есептілік үлгілерін мезгілінде және дұрыс тапсыруына бақылау жүргізу; Департамент құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.11.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2020 – 16.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.11.2020

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 5 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8 /7132/ 544-292, факс: 8 /7132/ 542-448,                                                                            

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 және 8-705-202-06-70 WhatsApp) мекен-жайы бойынша, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.