Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 9 қыркүйекте «Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» № 449 бұйрық қабылданғанын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 9 қыркүйекте «Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» № 449 бұйрық қабылданғанын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 9 қыркүйекте «Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» № 449 бұйрық қабылданғанын хабарлайды.

Аталған бұйрық шеңберінде Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілді:

  1. Кең таралған пайдалы қазбалар (КТПҚ) бөлігінде:

11 кен орны (12 объект) енгізілді: Курчилик, Новомарков, Жана-Семей-2, Айдарлы, Сарканд (Оңтүстік-шығыс учаскесі), Сарканд (Солтүстік-батыс учаскесі), Володар, Надежда (солтүстік), Жастар-1, № 49 (110+400 км), Кальпе-5, Бисембаев;

3 кен орны бойынша мәліметтерге түзетулер енгізілді: Пухаль (3-учаске), Лугов (С1 блогы), Шошқанды.

  1. Қатты пайдалы қазбалар бөлігінде:

Жер қойнауын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған, жарамсыз деп танылған, мерзімі ұзартылмаған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған келісімшарттар аумақтарының аукционға шығару үшін қалыптастырылатын тізбесіне 1 учаске – 201 учаске енгізілді.

  1. Көмірсутектер бөлігінде:

№ 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды. Аталған қосымша мыналарды қамтиды:

«Көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион негізінде беру үшін жер қойнауы учаскелері аумақтарының тізбесі» (аукциондар тізбесі);

«Көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ұлттық компанияларға беру үшін жер қойнауы учаскелері аумақтарының тізбесі» (тікелей келіссөздер жүргізу тізбесі).

Аукциондар тізбесіне №№ 69–103 болатын 35 жаңа учаске енгізілді.

«Мұнайбай Батыс» учаскесінің атауы «Е блогы» (№ 67) болып өзгертілді.

Ашыксор учаскесінің (№ 68) координаттары нақтыланды. Атап айтқанда, учаске аумағынан теңіз акваториясында орналасқан координаттық нүктелер алып тасталды.

Тікелей келіссөздер жүргізу тізбесіне Маңғыстау облысында орналасқан Қарақия учаскесінің тереңдігін шектеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасымен, оған енгізілген өзгерістермен және тиісті бұйрықпен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.