«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 «Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

Бұйрық Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 74-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

Құжатта геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігін жер қойнауын пайдалануды жобалау және инвестициялық талдаудың халықаралық деңгейде танылған тәжірибесіне (CRIRSCO, KAZRC) сәйкестендіру, концептуалдық техникалық-экономикалық бағалауды (Scoping Study), алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені (PFS) және егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздемені (FS) бөлек кезеңдер ретінде көрсету, геологиялық барлаудың іздеу және бағалау сатыларын нақты ажырату, іздеу жұмыстары нәтижелерін минералдық ресурстар немесе минералдық қорлар ретінде қате түсіндірудің алдын алу және кен орындарын өнеркәсіптік бағалаудың заманауи кезең-кезеңімен тәсілін енгізу қарастырылған.

Өзгерістер республикалық бюджет қаражатын талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық жағынан теріс салдарларға әкеп соқпайды.

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1007636?lang=kk