Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілді

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілді

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес дайындалып, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған.

Құжатта жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындауды көздейді. Жоба аясында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге қатысушылар, олардың функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ уәкілетті орган мен өзге де мүдделі ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу механизмдері бекітіледі.

Сонымен қатар, Бұйрық жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша нысандарға арналған жоспарды қалыптастыру, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және келісу, сондай-ақ орындалған геологиялық жұмыстардың нәтижелерін қабылдау және бағалау тәртібі реттеледі.

Бұйрық қабылдау жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу процедураларының жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, геологиялық жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ іс-шараларды ұйымдастыру мен сапасын бақылауға біркелкі тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/996880?lang=kk