«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

Бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес дайындалып, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған.

Құжатта жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу объектілеріндегі жұмыстардың сметалық құнын айқындау кезінде пайдаланылатын геологиялық жұмыстар кешенін орындау үшін уақыт пен бағаның бірыңғай нормаларын белгілеу көзделеді. Атап айтқанда, нормалар мен бағалар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабта орындалатын жұмыстар үшін қолданылады.

Әдістеме қабылдау геологиялық-түсірілім және ілеспе жұмыстардың құнын жоспарлау мен есептеуге бірыңғай және ашық тәсілді қамтамасыз етуге, бюджеттік шығыстардың негізділігін арттыруға, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы жобалау-сметалық құжаттаманы салыстыру және стандарттау үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бекітілген нормалар республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды көздемейтінін, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын атап өткен жөн.

Құжат нормативтік-техникалық сипатта болады және Қазақстан Республикасының аумағын жер қойнауын пайдалану және геологиялық зерттеу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/993186?lang=kk