"Ашық НҚА" порталында геология саласындағы кәсіби стандарттың жобасы ұсынылған

"Ашық НҚА" порталында геология саласындағы кәсіби стандарттың жобасы ұсынылған
"Ашық НҚА" порталында "Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау (Палинолог, Геоморфолог)"кәсіби стандартының жобасын талқылау басталды. Бұл жоба палинология және геоморфология саласында жұмыс істейтін геология мамандары үшін бірыңғай ғылыми негіздер мен нормаларды құруға бағытталған.
 
Стандарт жобасы геологиялық зерттеулер саласындағы жұмыстың кәсібилігі мен сапасын арттыру мақсатында әзірленді. Құжатта пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау жөніндегі міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі құзыреттер баяндалған. Осы стандартты бекіту мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға және геологиядағы заманауи талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге негіз болады.
 
Кәсіби геологиялық қоғамдастықтың барлық мүдделі өкілдерін, сондай-ақ студенттерді, оқытушылар мен ғалымдарды жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздің пікіріңіз үлкен маңызға ие және стандартты неғұрлым толық және саланың заманауи талаптарына сай етуге көмектеседі.
 
Жобаны талқылау 2024 жылдың 26 тамызына дейін ашық болады және біз қатысушылардың сындарлы ұсыныстары мен түсініктемелеріне үміттенеміз. Барлық ескертулер ескеріледі, бұл мамандардың жұмысы үшін неғұрлым тиімді құрал жасауға мүмкіндік береді.
 
Жобаға қол жеткізу және талқылауға қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15165971