Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "ҚР Геология саласының жағдайы мен дамуы туралы" брифингі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "ҚР Геология саласының жағдайы мен дамуы туралы" брифингі

19 мамырда Геология комитеті  ОКҚ алаңында «Қазақстан Республикасының Геология саласының жағдайы мен дамуы туралы» және РГАО «Қазгеоақпарат» ЖШС-мен бірлекен «Ұлттық геологиялық қызметті құру туралы» брифингі өтті.

Брифингке ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т. Б. Сатиев, төрағаның орынбасары А. С. Пшенбаев және  РГАО «Қазгеоақпарат»  ЖШС Бас директоры Ж. К. Карибаев қатысты.

Геология комитетінің төрағасы Т.Сатиев геология саласын дамытудың қазіргі жағдайы мен негізгі перспективалары туралы айтып берді.

Төраға бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының мемлекеттік балансында 8711 кен орны, оның ішінде көмірсутектер бойынша – 317, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 910, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 3160 және 4324 жер асты суларының кен орындары есепке алынғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстанда жаңа ашулар үшін айтарлықтай перспективалар бар.

2021-2025 жылдарға «Геология саласын дамыту» бағытын қамтитын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы бекітілді.

Төраға Т.Сатиев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық геологиялық қызмет құрылатынын атап өтті.

 

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=lu6mlg4eNao