Основная цель встречи — укрепление преемственности поколений в сфере образования, сохранение и передача профессионального опыта, а также оказание практической поддержки молодым руководителям образовательных организаций.
В мероприятии приняли участие директора школ-ветераны Кұмаров Ә. А., Сұлтанбеков А. Ж., Скаков К. Н. и Аширбаев Е. Ж., которые на протяжении многих лет занимали руководящие должности в системе образования и внесли значительный вклад в её развитие.
В знак уважения и признательности директорам школ-ветеранам были вручены специальные подарки и благодарственные письма.
«Үздік педагог» конкурсы басталды.
Құрметті Жарма ауданының ұстаздары! 2025 жылдың «Үздік педагог» конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды.
“Үздік педагог” конкурсына білім беру мекемелерінің штаттағы педагогтері болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер қатыса алады.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
І аудандық кезең (8 – 18 - шілде аралығында құжаттарды жүктеу, 19 - 25 -шілде аралығында өңірлік комиссияның шешімі);
ІІ облыстық кезең (28 - шілде – 5 - тамыз құжаттарды жүктеу, 6 - 15 - тамыз аралығында өңірлік комиссияның шешімі);
ІІІ республикалық кезең (18 - 31 - тамыз аралығында құжаттарды жүктеу, 2 -қыркүйек – 12 - қыркүйек аралығында Республикалық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы, білім беру мекемесінде күндізгі форматта конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы).
«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу https://uzdikustaznobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүргізіледі.
“Үздік педагог” атағын беру қағидалары туралы толық ақпарат сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V15H0010279#z136
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 «Үздік педагог» атағын беру қағидалары.
«Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерьлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері осы жазғы лагерьдерден бастау алады. Бұл жерде балалар көңілді де қызықты уақыт өткізеді.
2025 жылдың 24 маусымынан Жарма ауданы «Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінің 1 ауысымы өз жұмысын бастады.
«Мейірім» спорттық – сауықтыру лагері жаз бойы 4 ауысымда жұмыс жасап, барлығы 400 бала демалады.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р.Нургалиев, Жарма ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Д.Ақзамов қатысты. Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р.Нургалиев, лагерьдің ашылу салтанатымен құттықтап, балалардың демалыс уақыттарында жақсы демалып, күш – қуат жинап, рухани және дене күштерін нығайтып, шымыр да мықты болуларына тілек білдірді.
Жайнаған жаздың әдемі күндерінде балаларға жақсы демалыс тілейміз!
2025 жылдың 22 - 24 маусымы аралығында Ақтөбе облысының «Хлебодаровка» оқу жаттығу орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылыдығына және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған XI Халықаралық әскери – патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті.
Нәтижесінде:
Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Бритнер Ника, Георгиевка орта мектебінің 10 – сынып оқушылары Қалижаров Олжас, Жұмағазы Шұғыла, Амангелді Расул, Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешенінің түлегі Айтқазы Мансұр қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі I орынды иеленді.
Жетекшілері: Рахимгалиев Даулетқазы, Ашиманов Нуржан, Сарсембай Жарас.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
“ Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығы “ КММ- нің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 23 мамырында облыстық “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” байқауы өтті. Байқауға “Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Нурашева Анар Муратбековна қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
⚡ Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.
👤 Іріктеуге 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
📑 Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпестен мемлекеттік қызметтегі түрлі жоғары басшылық лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік алады.
📝 Үміткер азамат ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеуден өтуі қажет. Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.
📊 Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- Сыртқы саясат және инвестициялар;
- Экономикалық және қаржылық саясат;
- Цифрландыру;
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
☎️ Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz/ сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ, info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.
🇰🇿 Жалынды жастарды елге қызмет етудің озық үлгісін көрсету үшін «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына белсене қатысуға шақырамыз. Еліміздің дамуына өз үлесінді қос!
🖋️ Аталған жұмыс бағыты ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» №141 Жарлығы аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві
#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві2025
#elgeqyzmet
@elgeqyzmet.gov.kz
@elgeqyzmet.abai
@abai_oblysynyn_akimdigi
@pkrezerv.gov.kz
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің мемлекеттік тілді меңгеруінде ойын тәсілінің, идеяларын іс жүзінде жүзеге асыратын шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, педагогикалық озат тәжірибені зерделеу және тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері арасында облыстық «Мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілінің үздік іс – әрекеті» байқауының аудандық кезеңі өтті.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілінің үздік іс – әрекеті» байқауының қорытындысы:
I орын – «Бақыршық орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Елеусизова Гаухар Галимовна;
II орын – «П.Карелин атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Каликенова Сауле Жанатовна;
III орын – «Новотаубинка бастауыш мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Амирова Дарига Каламбековна
I орын иеленген жеңімпаздың жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне жолданды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
2025 жылдың 7-11 – сәуірі аралығында ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау мақсатында ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының Ⅰ кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан бойынша жалпы білім беретін мектептердің 6 – сынып оқушыларынан жиыны 294 оқушы қатысып, Ⅱ кезеңге 25 оқушы өтті. Олимпиаданың II кезеңі 28-30 сәуір күндері өтіп, нәтижесінде республика бойынша ең жоғары балл жинаған 1000 жеңімпаз баланың қатарынан орын тауып, өз білімдерін көрсетіп, жеңімпаз атанған 6 оқушы Салқынтөбе негізгі мектебінің 6 – сынып оқушысы Бияхмет Айзада, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 6 – сынып оқушылары Қазтай Ерке, Мүбареков Әлімжан, Көшек негізгі мектебінің 6 – сынып оқушысы Ережепбай Нұрым, Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясының 6 – сынып оқушылары Мұратқали Әлихан, Санаұлы Талғар. Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Оқушыларымыз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
« Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы « физика- математиалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы 2025 жылдың 19 мамыр күні 5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша Қажи Нұрсұлтанов атындағы VII олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.Олимпиадаға ауданнан 9 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушысы Төреғазы Нығмет ( мұғалімі Г. Б. Оразалина) 2- орын, Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясының 5- сынып оқушысы ( А. А. Заманбекова) 3- орын алды. Қалған оқушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!
«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жастар арасында информатика мен бағдарламалауды дамыту және танымал ету мақсатында 9-11 сынып оқушыларына «Documentolog Х CPFED Аbay Olymp» олимпиадасының аймақтық кезеңі Семей қаласында өтті.
Нәтижесінде:
Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы Советхан Нұрәлі ІІ орын алып, Алихан Бөкейханов университетіне 75% жеңілдікпен грант ұтып алды.
Жетекшісі: Нурмуханбетова Гульдана Кабдылкалыевна.
Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!