Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Семей қаласында облыстық инновациялық - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, кітап оқуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру және педагогикалық тәжірибесін жаңарту мақсатында облыстық ”10 кітап – 1 мақсат” жобасы аясында
Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Канапьянов Ерзат Бияхметұлы мен Курмангалиева Раушан Талғатбекқызы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне Кен Робинзон мен Лу Арониканың «Creative Schools» кітабын таныстырып, мазмұны талқыланып, тәжірибе алмасты. Тәжірибелік жұмыс ретінде қатысушылар кітаптағы идеялар негізінде постерлер әзірлеп, қорғады.
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Семей қаласында облыстық инновациялық - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Кітап оқу мәдениетін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы өтті. Аталған семинарда Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің директоры «Бір айда – бір кітап» жобасының авторы Канапьянов Ерзат Бияхметович өз іс-тәжірибесімен бөлісіп қайтты.
📚 Кітап оқитын ұстаз — кітап оқитын ұрпаққа үлгі!
Ағымдағы жылдың 1-қазанында Семей қаласында физика-математика ғылымдарының докторы , профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада аясында «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинарда Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Н.Оразақынұлы «Құпия кілт: комбинаторика мен қалдықтар теориясы арқылы олимпиадалық есептерді шешу», Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.С.Ибрйханова «Есепті «көру» өнері олимпиадалық тапсырмаларды талдау тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат берілді.
Ағымдағы жылдың 1-қазан күні мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі аясында барлық білім беру мекемелерінде «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагер ұстаздарды құрметтеу салтанаты ұйымдастырылды. Мақсаты: ұстаздар сабақтастығын нығайтып, аға буын мен жас мамандар арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпаққа ұстаздардың өнегелі өмір жолын үлгі ету.
Ағымдағы жылдың 30-қыркүйегінде «Білім көшбасшылары: тәжірибе, тағылым және сабақтастық» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты: білім беру саласындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жас басшыларға кәсіби қолдау көрсету. Кездесуге ұзақ жылдар білім саласында басшылық қызмет атқарған ардагер мектеп директорлары Ә.А. Құмаров, А.Ж.Сұлтанбеков, К.Н.Скаков, Е.Ж.Аширбаев қатысты.Ардагер мектеп директорларына арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
«Үздік педагог» конкурсы басталды.
Құрметті Жарма ауданының ұстаздары! 2025 жылдың «Үздік педагог» конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды.
“Үздік педагог” конкурсына білім беру мекемелерінің штаттағы педагогтері болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер қатыса алады.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
І аудандық кезең (8 – 18 - шілде аралығында құжаттарды жүктеу, 19 - 25 -шілде аралығында өңірлік комиссияның шешімі);
ІІ облыстық кезең (28 - шілде – 5 - тамыз құжаттарды жүктеу, 6 - 15 - тамыз аралығында өңірлік комиссияның шешімі);
ІІІ республикалық кезең (18 - 31 - тамыз аралығында құжаттарды жүктеу, 2 -қыркүйек – 12 - қыркүйек аралығында Республикалық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы, білім беру мекемесінде күндізгі форматта конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы).
«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу https://uzdikustaznobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүргізіледі.
“Үздік педагог” атағын беру қағидалары туралы толық ақпарат сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V15H0010279#z136
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 «Үздік педагог» атағын беру қағидалары.
«Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерьлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері осы жазғы лагерьдерден бастау алады. Бұл жерде балалар көңілді де қызықты уақыт өткізеді.
2025 жылдың 24 маусымынан Жарма ауданы «Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінің 1 ауысымы өз жұмысын бастады.
«Мейірім» спорттық – сауықтыру лагері жаз бойы 4 ауысымда жұмыс жасап, барлығы 400 бала демалады.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р.Нургалиев, Жарма ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Д.Ақзамов қатысты. Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р.Нургалиев, лагерьдің ашылу салтанатымен құттықтап, балалардың демалыс уақыттарында жақсы демалып, күш – қуат жинап, рухани және дене күштерін нығайтып, шымыр да мықты болуларына тілек білдірді.
Жайнаған жаздың әдемі күндерінде балаларға жақсы демалыс тілейміз!
2025 жылдың 22 - 24 маусымы аралығында Ақтөбе облысының «Хлебодаровка» оқу жаттығу орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылыдығына және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған XI Халықаралық әскери – патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті.
Нәтижесінде:
Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Бритнер Ника, Георгиевка орта мектебінің 10 – сынып оқушылары Қалижаров Олжас, Жұмағазы Шұғыла, Амангелді Расул, Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешенінің түлегі Айтқазы Мансұр қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі I орынды иеленді.
Жетекшілері: Рахимгалиев Даулетқазы, Ашиманов Нуржан, Сарсембай Жарас.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!
«Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған
Министрлік Minderoo австралиялық қайырымдылық қорымен бірлесіп, мобильді қосымшаның көмегімен жас балаларды дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру бойынша «Беске дейін үлгер» жобасын іске асыруда.
Мобильді қосымша мазмұны Сиднейдегі ақыл-ой университетінің нейробиологиялық зерттеулері негізінде жасалған және біздің елдің қажеттіліктері мен контекстіне бейімделген. Жоба мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарын тәрбиелеу және ерте дамыту мәселелерінде педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«Беске дейін үлгер» бағдарламасы балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық пен тамақтану, тәрбие, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту, ойындар және жас балалармен қарым-қатынас бойынша оңай қол жетімді және түсінікті мазмұнды ұсынады.
Мазмұн сонымен қатар кеңес беру орталықтарының жұмысында қолданылады, балалармен сабақ идеяларын, тәжірибеге бағытталған қысқа мәтіндерді және баланың дамуын қолдауға біртұтас көзқарасты ұсынады.
Мобильное приложение Thrive by Five-Казахстан (Успеть до пяти/Беске дейін үлгер) разработано Министерством просвещения РК совместно с австралийским благотворительным фондом Minderoo на основе нейробиологических исследований Сиднейского Университета Разума и Мозга и адаптирован к потребностям и контексту нашей страны. Программа «Успеть до пяти» предоставляет для родителей, воспитывающих детей в домашних условиях, легкодоступный и понятный контент по здоровью и питанию, воспитанию, развитию творческих и коммуникативных навыков, играм и взаимоотношениям.