10 – сынып оқушыларына арналған 5 күндік дала – оқу жиынының ашылу салтанаты өтті

Дата публикации: 20 мая 2025

Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғап, қастерлеуге тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру, жасөспірімдердің патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 19- мамырында Жаңаөзен ауылы «Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінің базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 10 – сынып оқушыларына арналған 5 күндік дала – оқу жиынының ашылу салтанаты өтті. Жиында 168 оқушы, 21 алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімдері қатысып, саптық шеру көрсетті. Салтанатты жиынның қонақтары Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р. Нургалиев, Қорғаныс істері бөлімінің бастығы, подполковник М. Саябаев, білім бөлімі басшысының м.а. Д. Ақзамов және Ауған соғысының ардагері Н. Траиспаевтар құттықтау сөз сөйлеп, болашақ отан қорғаушыларымызға сәттілік тіледі. Оқу-далалық жиыны оқушыларымызды мектеп қабырғасынан әскери қызметке дайын болуына зор ықпалын тигізеді.