








2024 жылдың 28-29 наурызында 1998 жылдан білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері арасында дәстүрлі түрде өтетін ХХIV спартакиада ұйымдастырылды.Мақсаты: салауатты өмір салтын, спорттың қоғамда алатын орнын насихаттау.ХХIV спартакиадаға ауданның 500-ге жуық педагогтері қатысып, спорттың 5 түрінен күш сынасты.Спартакиада барысында Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы К.Шаймуратов ашылу салтанатымен құттықтап, білім саласындағы денешынықтыру мен спортты дамытуға өз үлестерін қосып, спорт түрлерінен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген педагогтерге аудан әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.2 күнге созылған спартакиада қызу тартыста өтіп, нәтижесінде: орта мектептер арасында командалық есепте жеңіп шыққан Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының командасы І орынды;Маяковский атындағы орта мектебінің командасы ІІ орынды;П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің командасы ІІІ орынды;Негізгі мектептер арасында командалық есепте жеңіп шыққан Шар негізгі мектебінің командасы І орынды;Аршалы негізгі мектебінің командасы ІІ орынды;Салқынтөбе негізгі мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді.Спорттың жеке түрлері бойынша жеңімпаздар Жарма ауданы білім бөлімі басшысының, Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен, мадақтамаларымен марапатталды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз !