Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар
2024 жылдың 27 наурызында Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Абай музейімен бірлесіп, «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында іс-тәжірибе бөлісу мақсатында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинарда Жарма ауданынан Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Касенова Айман Каблашимовна «Абайдың жетінші қарасөзі» бойынша іс-тәжірибе алмасты, пән мұғалімінің оқытудағы әдіс-тәсілдері қатысушылар, ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Облыстық ғылыми-әдістемелік семинарға «Абай облысы білім басқармасы» «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» директоры А.С.Исабаева, «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы директорының міндетін атқарушы Ұ.Б.Сағадиев, облыс білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
