«Ең әдемі киім – ұлттық киім» Көрсетілім-көрме

Дата публикации: 16 марта 2023

Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, рухани тәрбие беру мақсатында қазақ ұлттық киімдерінің көрме-көрсетілімі өтті. «Ең әдемі киім – ұлттық киім» қазақ халқы төл киімдерін ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сан ғасырлардан бері сақтап келе жатыр. Қазақ халқының қыз балаларға арналған киімдері көпшілікке көрсетілім арқылы жеткізілді. «Ұлы дала әуені», «Дәстүр», «Әй-керім» топтамаларын білім алушыларымыз әсем әуен сүйемелдеуімен, әдемі жүрістерімен сән үлгілерін көрсете алды. Көрсетілім-көрме көпшілік көңілінен шығып, ұлттық киімдеріміздің сан түрлілігіне, әсемдігіне, қайталанбас бірегейлігіне тағы бір мәрте көз жеткендей болды. Көрсетілім барысында қазақ сәнгерлері жайлы таныстырылым қоса жүрді. «Дәстүр», «Ұлы дала әуені» топтамаларын ұсынған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, ғылым кандидаты, профессор Рахметова Нурзия Байтукешевнаға алғыс білдіреміз.