«Наурыз – аға ұрпақты қастерлеу мерекесі» тақырыбында бата беру дәстүрі өткізілді
Количество видео: 1
Дата публикации: 16 марта 2023
1 / 1
"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер"-дейді қазақ халқы. Бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – аға ұрпақты қастерлеу мерекесі» тақырыбында бата беру дәстүрі өткізілді.Баталарын алу үшін құрметті қонақ ретінде Тлеуханов Қызатулла, Садыков Нұрланбек, Қалиев Марат, Молдағалиев Жұматай аталарымыз, Кумисбекова Гулзада апамыз шақырылды. Қонақтарымыз балаларға қазақтың салт-дәстүрлері, Наурыз мерекесі, бата беру салты туралы өсиет-әңгімелерін айтып, өз баталарын берді. Оқушылар үлкендердің батасын алып, ата-апаларына дайындаған өлеңдерін оқып, алғыстарын білдірді.