"Ұстазым, менің ұстазым" бейнероликтер конкурсы
Ұстаздар күні мерекесіне орай білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында "Ұстазым, менің ұстазым" атты бейнероликтер конкурсы өткізілді. Ұстаздарды қолдау және педагог мамандығының мәртебесін арттыру, балалардың медиашығармашылығы мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында өткізілген конкурстың нәтижесінде төмендегідей: І орынды Георгиевка орта мектебі;
ІІ орынды Маяковский атындағы орта мектебі, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы;
ІІІ орынды Т.Көбдіков атындағы орта мектебі, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі, Ақтайлақ би атындағы орта мектептерінің оқушылары иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!