Жарма ауданы бойынша «Инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын жүзеге асыру туралы

Жарма ауданы бойынша «Инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын жүзеге асыру туралы

                 Жарма ауданында  2022-2023 оқу жылында  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны-313  (0 дан  18 жасқа дейін), оның ішінде  52 (17%)мектеп жасына  дейінгі балалар, 261 (83%) мектеп жасындағы балалар.

         Мектеп жасындағы балалардың 48-і (19 мектеп) инклюзивті біліммен қамтылса.

Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясының базасында балаларды инклюзивті оқытатын басқа мектептер үшін әдістемелік орталыққа айналған ресурстық орталық жұмыс істейді.Ресурстық орталық қызметінің мақсаты – инклюзивті білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік, консультативтік-ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету. Бұл ұйымға деффектологтың штат бірлігі енгізілген. Жергілікті бюджет есебінен 500,0 мың теңгеге деффектолог маманға жұмыс барысында қолдануға   қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Георгиевка орта мектебінде облыстық бюджеттен бөлінген 1625,0 мың теңгеге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Ерекше оқушылар құрдастарымен тең дәрежеде оқуға және жалпы білім беру процесінен қол үзбей күн сайын қажетті жеке қолдау алуға мүмкіндік алды.

Кедергісіз орта құру мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалардың тең қолжетімділігі үшін 34 білім беру нысаны бейімделді. Георгиевка орта мектебінде облыстық бюджеттен бөлінген 6400,0 мың теңгеге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдары ескеріліп,тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға кедергісіз қозғалу үшін  барлық жағдайлар жасалды.

Ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін барынша қолайлы орта орнату, сапалы білім беру мақсатында пән мұғалімдерімен,«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері», «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи технологияларды тиімді пайдалану», педагог-психологтармен бірлесе «Инклюзивті білім беру аясында мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі»,«Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»тақырыптарында аудандық семинарлар өтті.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар аудандық, облыстық  көлемінде өтетін сайыстарға қалауы мен мүмкіндіктеріне қарай белсене қатысады.

Білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиісті кәсіптік-педагогикалық даярлықтан мектепке дейінгі ұйымдардың 24 тәрбиешісі, 80 пән мұғалімі арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Бүгінгі таңда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасаған аудан мектептерінің үлесі 90% (34 мектеп), мектепке дейінгі ұйымдарының үлесі 80% (8) құрайды.

Аудан мектептеріндегі инклюзивті білім беру жағдайы бойынша мониторинг жүргізіледі. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың есептері жинақталады.

Білім беру ұйымдары ерекше білім беруілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларға жағдай жасауды қамтамасыз ету (арнайы жабдықтармен, жиһазбен, кадрлармен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен және т.б. жарақтандыру) жұмысын жалғастыратын болады.

 

 

Дата публикации
01 октября 2023