Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Call-орталығының қызметі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Call-орталығының қызметі туралы ақпарат
CALL ОРТАЛЫҒЫ қоңырау шалу тегін
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сall-орталық жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Азаматтарға кеңес беру:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кіру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
Хабарламаларды қабылдау:
- сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы;
- кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар)