
Бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, қараусыз, қадағалаусыз қалудың алдын алудың ведомствоаралық іс-қимыл жоспарына сәйкес мектепішілік есепте, ішкі істер бөлімінде, қолайсыз отбасы есебінде тұрған балаларының есебі жүргізіледі. Әлеуметтік қауіпті жағдайда, тәуекел тобында , қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар жоқ.
2023-2024 оқу жылында мектепішілік есепке 14 оқушы алынған.
Анықтамалық: (П.Г.Карелин атындағы орта мектебі-7 оқушы, Маяковский атындағы орта мектебі-3 оқушы, Т.Көбдіков атындағы орта мектебі-1 оқушы, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі-3 оқушы)
Аудандық полиция бөлімінде 13 оқушы есепке алынған.
Анықтамалық: (Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы -2, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі-5, Салқынтөбе негізгі мектебі-5, П.Г.Карелин атындағы орта мектебі-1)
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамайтын ата-аналар, яғни қолайсыз отбасы саны -10.
Анықтамалық: (Георгиевка орта мектебі-2, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы-3, Маяковский атындағы орта мектебі-3, Ауезов кенті-2)
Аудан аумағында ата-аналық құқығынан айыру, ата-аналық құқығына шектеу қою фактілері жиі көрініс табуда. Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 3 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды, 2 ата-ананың ата-аналық құқығына шектеу қойылды, осы факті бойынша 11 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалды. Негізгі себебі: ата-аналардың ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарып, спирттік ішімдіктерді үнемі және теріс пайдалануы. Бұндай ата-аналар, оның ішінде аналардың қатары көбеюде. Осы тұрғыда жергілікті жердегі ортаға келеңсіз жағдай туғызып отырған , ішімдікке әуес, «Қолайсыз отбасы» ретінде АПБ -нің тіркеуінде тұратын отбасылармен округ әкімдерінің мектеп ұжымымен бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі туындайды.
Кәмелетке толмағандармен 2023 жылы 2 құқықбұзушылық ( Маяковский, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы), 2024 жылы 1 құқықбұзушылық ( Б.Тұрсынов) жасалды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты 2023 жылы 5 құқықбұзушылық (Карелин-2, Бақыршық-1, Теряев-1, Қаражал-1), 2024 жылы 1 құқықбұзушылық (Тұрсынов) жасалды.
Аудан бойынша қосымша білім беру ұйымына 1608 оқушы, мектеп қабырғасында өтетін 155– үйірме, 180 - спорттық секцияларға 4716 оқушы қамтылған. Соның ішінде есепте тұрған оқушылардың барлығы мектепішілік үйірме, секциялармен қамтылған.
Қолайсыз отбасылар білім бөлімінің және білім беру мекемелерінің басты назарында. Балалардың сабаққа келуі, тұрмыс жағдайы тексеріліп отырылады. 2024 жылдың 15-26 қаңтар аралығында «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шара аясында «Аманат» партиясы аудандық филиалының өкілдері, аудандық маслихат депутаты, полиция, прокуратура, білім бөлімі, денсаулық сақтау саласының өкілдері Қалбатау ауылындағы 6 қолайсыз отбасылардың үйлерін аралап, жағдайларын қарады. Мектеп директорларына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтарына Жарма ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.О.Жақыпов, ЖПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі К.М.Ногуманов, Жарма АПБ ЖПҚБ КТІБ аға инспекторы, полиция майоры А.М.Акимбаева, ПБ инспекторларының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алудың проблемалық мәселелерін талқылау» тақырыбында жиналыс, 5-11 сынып оқушыларының қыздарына Жарма полиция бөлімі, Жарма ауданы прокуратурасы , аудандық аурухана, Шар қалалық аурухананың мамандарымен, білім бөлімінің мамандарымен «Ерте жастағы жыныстық қарым-қатынасты болдырмау» тақырыбында 11 жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жиналыстар әлі жалғасын табады. Аудан мектептерінде биылғы оқу жылынан бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша 2850 сынып сағаттары және ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына 1035 іс-шара, 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына 1260 іс-шара, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына 310 іс-шара ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық білім бөлімі, білім беру мекемелері жүйелі, мақсатты жұмыстар жүргізетін болады, құқықбұзушылықтың алдын-алуда жұмыстар жалғасын табады.