Жарма ауданының білім беру саласындағы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылы 30 наурыздағы №117 бұйрықпен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық негізінде жүзеге асырылуда.
Ауданда 38 мектеп, 8 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 2 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
Жалпы орта білім беру ұйымдары.
Мектептерде 988 бейнебақылау камерасы, оның ішінде ішкі камералар саны-644, сыртқы камералардың саны -344 орнатылды.
Анықтамалық: IP -883, ішкі -599, сыртқы-284. Жедел басқару орталығына (ЦОУ) 18 жалпы орта білім беру ұйымы (47,3%) енгізілді.
Қосымша білім беру ұйымдары.
Қосымша білім беру ұйымдарында 38 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның сыртқы камералар 16, ішкі камералар -22. Жедел басқару орталығына (ЦОУ) 1 білім беру ұйымы Өнер мектебі 100% шығарылды.
Мектепке дейінгі мекемелер (6 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша)
Барлығы 252 камера орнатылды, сыртқы-71, ішкі -181. Жедел басқару орталығына (ЦОУ) 8 мектепке дейінгі мекеме қосылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылы 30 наурыздағы №117 бұйрықпен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың 77,78 тармақтарына ҚР Оқу ағарту министрінің 07.02.2024 жылы №26 бұйрықпен өзгерістер енуіне байланысты білім беру мекемелері бұрын 3 топқа бөлінсе қазіргі күні 2 топқа бөлінді.
Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып, білім беру объектілері мынадай топтарға бөлінеді:
1) бірінші топқа персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамға дейінгі білім беру объектілері жатады;
2) екінші топқа аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан, сондай-ақ, орналасқан жеріне қарамастан, персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700-ден астам білім беру объектіcі жатады.
Осыған байланысты қазіргі күні полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне 20 мекемені қосу, дабыл түймесі18 мекемеге, лицензияланған күзетпен 4 мекемені қамтамасыз ету қажеттілігі бар. Оған қажетті 28500,0 мың теңгеге білім басқармасына сұраныс берілді.