Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жарма ауданы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

         Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша ауданымызда 6 мемлекеттік, 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым, 2 мектеп – балабақша кешені, 36 мектепте шағын орталықтар жұмыс істейді. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар – 6 (697 бала), мектеп – балабақша кешені – 2 (80 бала), жекеменшік балабақша – 2 (150 бала), толық күндік шағын орталықтар – 13 мектепте (265 бала), жарты күндік шағын орталық – 36 (1010 бала). Ондағы балалар саны 2202 баланы құрайды. Аудан бойынша 2 - ден  3 жасқа дейін кезекте тұрған бала саны – 39.

         Жарма ауданы бойынша 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100 пайыз, 2 – 3 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 98,5 пайыз.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 112 педагог жұмыс істейді, оның шінде 5 меңгеруші, 10 әдіскер, 7 музыка жетекшісі, 6 психолог, 2 дене шынықтыру нұсқаушысы, 1 қосымша білім беру педагогы /робототехника/ және 81 тәрбиеші.

         Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №228 қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата – ана төлемақысының мөлшері мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жасқа дейін – 12000 мың теңге, 3 жастан бастап – 14000 мың теңге. Білім беру мекемелеріндегі толық күнді шағын орталықтарында 3 жасқа дейін – 7000 мың теңге, 3 жастан бастап – 8000 мың теңге.

         Абай облысы әкімдігінің «Абай облысының орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары үшін тегін тамақтануды қамтамасыз ету туралы» 2023 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысы негізінде «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай – ақ орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарына:

  1. жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  2. даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
  3. көпбалалы отбасылардың балаларына;

         4.мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай – ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етеді.

         Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, орта білім беру мекемелері жанындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары оның ішінде көп балалы отбасынан шыққан  балалар –  428 (мектепке дейінгі ұйым – 306, толық күнді шағын орталық – 122), атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар – 23 (мектепке дейінгі ұйым – 10, толық күнді шағын орталық – 13), барлығы 451 бала  тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

           Жарма ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың қадамдық жоспары бойынша:

          2024 жылы 60 орынға балабақша ашу үшін Н.Крупская атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

          2025 жылы Жаңаөзен ауылында 60 орындық, Жаңғызтөбе кентінде 80 орындық, Қалбатау ауылында 80 орындық;

          2026 жылы Шар қаласында 80 орындық балабақша салу жоспарлануда.

 

Документы
Қорытынды
25 декабря 2025
Жалпы конкурс қорытындысы туралы
Қорытынды
24 декабря 2024
Жалпы конкурс қорытындысы туралы
Хабарландыру
10 декабря 2024
Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызмет көрсету
Жарма ауданы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту туралы
Медиагалерея
1
«Мен зерттеушімін» байқауының облыстық кезеңі
1
Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсұтова Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі туралы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы