Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін), № ОЖМИОХ-2
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Табиғат қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, жануарлар дүниесінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жануарлар дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, орман заңнамасының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы облыстық атқару органдарына, аңшылық шаруашылықтарына әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді. Браконьерлікпен күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асырады. Тексеру актілерін, хаттамаларды, ұйғарымдарды жасайды, қаулы шығарады және жоғарыда аталған құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Аң аулау және балық аулау ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жануарларды қолда немесе жартылай еркін жағдайларда, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды ұстау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Соттарда және басқа да құқық қорғау органдарында мекеменің мүддесін қорғайды, шағымдану-талап ету жұмыстарын жүзеге асырады. Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргізу, аң аулау ережесі және өзге де нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді. Аңшылықшаруашылығы субъектілеріне табиғат қорғау заңнамасы нормалары талаптарының орындалуы бойынша бақылау және тексеріс жүргізуді жүзеге асырады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекциялық жұмыстарды жүзеге асырады. Пайдаланушылардың жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйымдарға бақылауды жүзеге асырады; Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүзеге асыруға рұқсатнама беру бойынша қызмет көрсетеді, Саны реттеуге жататын жануарлар түрін алып қоюға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі ҚР Заңының 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және басқа қызмет түрін жүргізетін субъектілер жасайтын техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалық-сметалық құжаттарды келісуге дайындайды. Балық аудлау мен аң аулау Ережелерін бұзушыларға бастақы құжаттамаларды дұрыс және уақытылы толтыру. Заңда белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза салу, сондай-ақ балық қорғау заңнамасын бұзу нәтижесінде балық қорына келтірілген зиянды өндіріп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап-арыз беру. Құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірге жануарлар дүниесін қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету. Алып қойылған тыйым салынған жануарлар дүниесін аулау құралдарын, жүзу құралдарын және басқа көлік құралдарын сенімді сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкелік кодексі бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеру тексерістер жүргізу және бақылауды жүзеге асыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жіне пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалаушы жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесін қорғау мен сақтауды насихаттау жөнінде халықтың арасындағы жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Бөлімнің инспекторлық құрамымен қолданыстағы табиғат қорғау, әкімшілік заңнамасын және басқа нормативтік актілерді оқып үйрену жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ҚР заңнамасын бұзудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі іс-шараларды қолданады. Инспекцияның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жергілікті атқару органларының қаулылары мен норомативтік актілерінің жобаларын дайындайды. Айлық, тоқсандық және жылдық есептерді дайындайды және тапсырады. Бөлім жұмысы үшін қажетті хат-хабарларды жүргізеді. Құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік тілде дайындайды, оны аудармашының сараптамалық тексеруінен өткізеді. Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау.Мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексін сақтау. Инспекция басшылығының тапсырмасымен қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8 (7172) 74-10-97