Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 26 наурызға дейін), № ОЛИООПТ-6
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру бойынша жұмыстар мен іс-шаралардың барлық түрін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген орман қоры аумағындағы шаруашылық жүргізумен және ормандарды пайдаланумен байланысты емес жұмыс өндірісінің белгіленген тәртібін сақтауды қадағалауға және жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою бойынша жазбаша нұсқаулар береді;
Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы, аң аулау және балық аулау ережелерін бұзушылық саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды; Осы Кодексті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды береді; Мынадай: Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалар бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы; сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығарады; Тексеру нәтижелері туралы акт жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптарды қояды;
Тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлайды; Заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, жануарлар дүниесі объектілерін, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Тексеріс арқылы орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге және орман орналастыру материалдарына уақытында өзгерістер енгізуге, сондай-ақ орман орналастыру жобаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілерді орналастыру бойынша, мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман иеленушілермен және орман орналастыру ұйымдарымен бірге қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырады және қатысады. Құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік тілде дайындау, оны аудармашының сараптамалық тексеруінен өткізеді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
aminakhaidarovna@mail.ru
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8 (7172) 74-10-97