Теңіз инспекциясы бөлімінің басшысы "ЭГжТРМ ОШжЖДК Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Ветеринария
  • Биология
  • Тарих
  • Құқықтану
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады: бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды, бөлім қызметін перспективалық және ағымдық жоспарлауды, оның сапалы және уақтылы орындалуын, бөлім қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын, олардың Инспекцияның және Комитеттің басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын; балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, бақылаудағы су айдындарындағы балық ресурстары мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар әлемін пайдаланушылардың қызметін тексеру; белгіленген тәртіпте бақылау-инспекциялық қызмет жөніндегі есептерді дайындау және ұсыну, балық шаруашылығы субъектілеріне тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын дайындау, бөлім қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2020 – 02.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.06.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, ул. Медеубаева 33

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29