Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), УПИОР-5

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

271356

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Журналистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Комитеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету; баспасөз-релиздерін, ақпараттық хабарламалар, медиа-жоспарлар ұйымдастыру және дайындау, Комитет сайтының жұмысын үйлестіру; Медиа-жоспар әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, есептіліктер дайындау.Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен, одақтармен, қауымдастықтармен, партиялармен, кәсіби одақтармен, ардагерлер кеңесімен, БАҚ-мен жұмыс жүргізу; бұқаралық ақпарат құралдарында Комитеттің бет-бейнесін көрсету және беделін арттыру жұмыстарын жүргізу.Министрлік сайтында конкурстар өткізуге хабарландырулар орналастыру; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; басқа органдардың баспасөз қызметтерімен бірлесіп іс-қимыл жасау; бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауап дайындау.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік тіл саясатына қатысты Комитет басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларын орындау; мемлекеттік тіл саясатының орындалуын және Комитеттің негізгі қызмет құжаттарын (бұйрықтар, хаттар, нормативтік-құқықтық актілер жобалары, ақпараттар, есептіліктер жәнет.б.) орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді; мемлекеттік тіл бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Қоғамдық ұйымдармен, одақтармен, қауымдастықтармен, партиялармен, кәсібиодақтармен, ардагерлер кеңесімен жұмыс жүргізу; жетістіктер көрмелері, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты Министрлікпен Комитеттің іс-шараларын әзірлеу және өткізу; «Министрліктер үйі» ғимаратына рұқсатнама жүйесі бойынша жұмыстарды жүргізу (қызметкерлерді электрондық рұқсатнамамен қамтамасыз ету, демалыс және мейрам күндеріне тізімдер ұсыну, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің тізімдерін келісу және дайындау); Комитетте кезекшілік кестесін жасау және оны бақылау; сенім телефоны бойынша қоңырауларды тіркеу. Комитет және басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды (блок В, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.08.2022 – 23.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)-74-12-92