ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, баспасөз хатшысы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Комитеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету; баспасөз-релиздерін, ақпараттық хабарламалар, медиа-жоспарлар ұйымдастыру және дайындау, Комитет сайтының жұмысын үйлестіру; Медиа-жоспар әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, есептіліктер дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен, одақтармен, қауымдастықтармен, партиялармен, кәсіби одақтармен, ардагерлер кеңесімен, БАҚ-мен жұмыс жүргізу; бұқаралық ақпарат құралдарында Комитеттің бет-бейнесін көрсету және беделін арттыру жұмыстарын жүргізу. Министрлік сайтында конкурстар өткізуге хабарландырулар орналастыру; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; басқа органдардың баспасөз қызметтерімен бірлесіп іс-қимыл жасау; бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауап дайындау. Комитет пен басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.06.2020
- город Нур-Султан, улица Мәңгілік ел, дом № 8, 1 подъезд
-
8 7172 74-99-29