Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УПИОР-6.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
238348
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басшылыққа қол қоюға енгізілген нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ жеке қолданылатын құқықтық актілерге, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері дайындаған құқықтық мәселелерге қатысты өзге де құжаттарға заң талаптарына сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізеді. Көрсетілген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда ұсыныстармен қорытынды дайындайды. Соттарда және басқа да құқық қорғау органдарында Комитеттің мүдделерін білдіреді, талап қою бойынша жұмыс жүргізеді. Комитеттің нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін ұйымдастырады. Комитеттің нормативтік қызметіне талдау жасайды және талдау нәтижелері бойынша Басқарма басшылығына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады (блок В, грейд 5)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 (7172)-74-12-92