ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспектор (санаты С-О-5), 1 бірлік, уақытша 03.02.2021ж. дейін
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Орман шаруашылығы
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Бос орын уақытша 03.02.2021 ж. дейін. Негізгі қызметкердің көрсетілген уақытқа дейін жұмысқа шығуға құқығы бар.
Функционалды міндеттер
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерулер арқылы мемелекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерге қатысу. Орман және жануарлар дүниесін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелерімен ормандарды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластаулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы шаралардың орындалуларын тексеруді жүзеге асыру. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексеру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым беру. Орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша ағымдағы және болашаққа жоспарларды әзірлеуге, оны өртке қарсы және рекреациялы орналастыруға қатысу. Орман орналастыруды жүргізуге және ормандарды өртке қарсы жабдықтауды жобалауға қатысу. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысу. Орманды жандандыру, орман тұқымды жұмыстарды, отырғызу материалдарын өсіру бойынша жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану және ол жұмыстардың сапасын бақылау. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануына қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына,олармен техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізу. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарында орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Бөлімнің жұмыс жоспарын, өз лауазымдық міндеттерін нақты орындау. Бөлімдегі құжаттарды сапалы және уақытында орындау және орындалған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес орналастыру. Инспекция басшылығымен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.05.2020
- РГУ "Западно-Казахстанская областная территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира" г.Уральск, улица К.Аманжолова 75
-
8 7172 74-99-29