Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), №02-04

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

238348

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Орман және жануарлар дүниесін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелері мен ормандарды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластанулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы шаралардың  орындалуларын тексеруді жүзеге асыру. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексеру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарын жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым беру. Орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша ағымдағы және болашаққа жоспарларды әзірлеуге, оны өртке қарсы және рекреациялық орналастыруға қатысу. Орман орналастыруды жүргізуге және ормандарды өртке қарсы жабдықтауды жобалауға қатысу. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысу. Орманды жандандыру, орман тұқымды жұмыстарды, отырғызу материалдарын өсіру  бойынша  жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану және ол жұмыстардың сапасын бақылау. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалап, мемлекеттік бақылау жүргізу. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануын қадағалауды мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына,  олардың техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізу. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерді ұйымдастыру және оларға қатысу. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру.        Арнайы дағдылар: облыстағы орман басқару жүйесін білу, компьютерде Word. Excel. E-mail бағдарламаларымен жұмыс істей білу (блок А, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2022 – 12.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)-74-12-92