Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, санаты C-O-2 (1 бірлік), Р-9
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қостанай облысы
426673
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде Инспекция қызметін үйлестіреді; Инспекция басшысы болмаған кезеңде Инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді; Орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің басқа да ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету, орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын қорғауға, күзетуге, молықтыруға және пайдалануға, ЕҚТА-ның жай-күйі мен қызметіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру; Инспекцияның құзыреті шегінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Инспекцияның қарауындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау; Тәртіптік комиссияның, бос әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациясын жүргізу жөніндегі комиссияның қызметіне жалпы басшылық жасау (блок А, грейд 9).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 (7172)-74-12-92