ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Басқармаға басшылық жасайды және Басқарма туралы ережеде көзделген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады. Басқарма қызметкерлерiнiң өкiлеттiктері мен мiндеттерiн анықтайды. Өзінің құзыреті шегiнде ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi. Басқарма қызметіне жалпы басшылық; Басқарманың жұмысын Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен және аумақтық органдарымен үйлестіру, Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл; Комитеттің кадрлық әлеуетін сапалы қалыптастыру және тиімді пайдалану міндеттерін кешенді шешу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кадрлар мониторингі, кадрларға деген қажеттілікті жоспарлау, Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйіне және қызметкерлердің ішкі және еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтауын бақылау; Комитет жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және кадр мәселелері жөніндегі басқа да комиссияларды ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау, еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың мәселелері бойынша консультация беру; кеңестер ұйымдастыру және өткізу; Комитеттің орталық аппаратының жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұйымдастырушылық сипаттағы құжаттарды әзірлеу, жедел кеңестердің хаттамаларын ресімдеу; ақпараттық жүйеде жұмыс істеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2020
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 подъезд, 416 каб.
-
8 7172 74-99-29