Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УООПТ-7

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

271356

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Туризм

Функционалды міндеттер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (бұдан әрі-ЕҚТА) туристік және рекреациялық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік – техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, оларды іске асыруды жүзеге асырады. ЕҚТА-да туристік және рекреациялық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттама бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды. Туристік және рекреациялық қызмет мәселелері бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметін үйлестіреді. Туристік маршруттар мен соқпақтардың, экскурсиялық соқпақтардың паспорттарын әзірлеуді және оларды тіркеуді қамтамасыз етеді. ЕҚТА аумағына туристік және рекреациялық қызмет мәселелері бойынша бару туралы өтініштерді қарайды. ЕҚТА-да экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Басқарма жоспарларын және табиғат қорғау мекемелерінің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын қарайды. ЕҚТА-да экологиялық туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша тиісті жылға арналған бюджеттік өтінімді дайындау кезінде ұсыныстар енгізеді. ЕҚТА-да экологиялық туризмді және рекреацияны дамыту мәселелері жөніндегі Комитеттің жүйесіне кіретін ұйымдарды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, Комитет пен Министрліктің сайтын толтыру бойынша жұмыс жүргізеді. ЕҚТА саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. ЕҚТА-ға туризм объектілеріне (жолдар, электр беру желілері, құбырлар) инженерлік инфрақұрылым салу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және енгізеді. Табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызмет көрсетуден табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын қалыптастыруға қатысады. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және ҮЕҰ өкілдерімен хат алмасады. Цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді және ұсыныстар енгізеді (блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.01.2022 – 28.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)-74-12-92