Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № УОГЗ-2
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитеттің бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерді жүргізеді; Комитеттің мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастырады және өзгерістер енгізеді; Мемлекеттік сатып алу порталы жүргізуді (өткізу): мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу порталын маңызды ақпараттармен толтыру, электрондық мемлекеттік сатып алуды порталда жүзеге асыру, электронды шарттарды порталда ресімдеу және тағы да басқа; Конкурс, аукциондарда, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу және тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады; Басқармалармен бірлесіп жауапты белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде келісім-шарттарды жасайды; Комитетте, жауапты Басқармамен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде мемлекеттік сатып алу жоспарының және келісім шарттың орындалуына мониторинг жүргізеді; Комитеттің мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша өнім берушілермен жасалған шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу бөлігінде жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп міндеттемелерді орындауға мониторинг өткізу; жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша есеп береді; мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтары орындалмаған жағдайда басшылыққа кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар еңгізеді; Комитеттің тиісті басқармасына (Құқықпен қамтамасыз ету) сотқа шағымдану керек өнімберушілер жайлы қажетті материалдарды ұсынады; өз құзыреті шегінде басқармаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы
-
8 (7172)-74-12-92