Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, №УОГЗ-3
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар өткізеді; Комитеттің бағдарламалары/кіші бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жобасын әзірлеу жөніндегі материалдармен қамтамасыз етеді; Комитеттің бағдарламалары/кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты бекітілгеннен кейін бұйрықпен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді; веб-порталда сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер бойынша материалдар орналастырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді; материалдарды техникалық ерекшелімге сәйкес қабылдайды; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, оның ішінде конкурстар, ашық конкурстар өткізеді, баға ұсыныстарын жасайды; әлеуетті өнім жеткізіп берушілермен шарттар жасасуға бақылау жасайды; мемлекеттік сатып алулар бойынша ІМАК камеральдық бақылаудың ескертпелері бойынша бақылау жасайды; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім жеткізіп берушілермен және бюджеттік бағдарламалардың әкімгерімен хат-хабар алысады; мемлекеттік сатып алу бағдарламасында комиссия үшін электрондық-сандық қолтаңбалар дайындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8 (7172)-74-12-92