Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, 1 бірлік, № УБПИБУ-7.

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бюджеттік өтінімдерді жинайды, мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімнің қалыптасуын және оның Экология, геология жане табиги ресурстары министрлігінде, Қаржы министрлігінде қорғалуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша ағымдағы жылға арналған міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарын бекітуге дайындайды; мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша ағымдағы жылға арналған штат кестелерін келісімдеуге және бекітуге дайындайды; мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарларындағы өзгерістерге ұсыныстар енгізуге бақылау жасайды; Комитеттің бағдарламалары/кіші бағдарламалары бойынша бақылау жүргізеді; ОШЖДК бойынша жиынтық бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру және Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне енгізу кезінде бақылау жүргізеді. Бюджеттік өтінімдерді жинайды, облыстық аумақтық инспекциялар бойынша үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімнің қалыптасуын және оның Экология, геология жане табиги ресурстары министрлігінде, Қаржы министрлігінде қорғалуын қамтамасыз етеді; жиынтық бюджеттік өтінімнің  жобасы мен бюджеттік бағдарламалардың жобасын Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне енгізуді қамтамасыз етеді; облыстық аумақтық инспекциялар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына ай сайын өзгерістер мен ұсыныстар (жылжыту) енгізеді; облыстық аумақтық инспекциялар бойынша ағымдағы жылға арналған штат кестелерін келісімдеуге және бекітуге дайындайды; барлық бухгалтерлік есеп шоттарындағы шаруашылық операцияларды қамтамасыз етуін бақылайды; Комитеттің және облыстық аумақтық инспекциялардың қаржы есептілігін (бухгалтерлік баланс) бекітілген мерзім жинап жүргізеді; өкілетті органдардың бюджет орындалуын бойынша Комитеттің депозит шоттарындағы есеп қаржысының қозғалысын жүргізу; 1С бухгалтерия бағдарламасы бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша есеп жүргізеді, № 2, № 6 нысаны айналым ведомостарын бақылайды. Мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша бюджет қаражатының игерілуін бақылайды; ОШЖДК бағдарламалары/кіші бағдарламалары бойынша апта, ай, тоқсан, жыл сайын игеру жиынтығын  жасап, оның Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне берілуін және айына бір рет Комитет бойынша мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етеді; ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есептіліктің ай, тоқсан, жыл сайын ҚР ЭГТРМ  ҚҚД-ге беріліп тұруын қамтамасыз етеді. Ақша қаражатын игеру мәселелері бойынша, бухгалтерлік есептілікті тапсыру бойынша, негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен хат-хабар, сондай-ақ басқа да ағымдағы ақпараттар алысып тұрады; ЕҚТА бойынша, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша бухгалтерлік есептілікті, жарты жылдық балансты және ОШЖДК бойынша жиынтық балансты жинайды және тапсырады; ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (мемлекеттік табиғи қорық, ұлттық табиғи парк, мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі, оқу-өндірістік орман шаруашылығы) бойынша негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық-тауар құндылықтарын есептен шығаруға бақылау жасайды; Есеп комитеті мен Ішкі аудит комитетінің ұсынымдары бойынша бақылау жүргізеді, Комитеттің барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына хаттарды және тәртіп бұзушылықтар бойынша қолданылған шаралар бойынша ақпаратты бағдарлама әкімшісіне өз уақытында жіберіп тұрады. Мемлекеттік мекемелер: РМК, РМҚК бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жинайды, қалыптастырады және оны Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қаржы министрлігінде қорғайды; РМК, РМҚК бойынша ағымдағы жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына жоспарына ұсыныстар енгізілуіне бақылау жасайды; РМК, РМҚК бойынша ағымдағы жылға арналған штат кестелерін келісімдеуге және бекітуге дайындайды; РМК, РМҚК бойынша  ағымдағы жылға арналған даму жоспарын бекітуге бұйрық дайындалуын бақылайды және даму жоспарын түзетеді; даму жоспарын орындау бойынша есептілікті бекіту бұйрығының орындалуын бақылайды; РМК, РМҚК бойынша жарты жылдықтың, жылдың қаржылық есептілігі, Балансы тапсырылуына бақылау жүргізеді; РМК, РМҚК бойынша негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық-тауар құндылықтарын есептен шығаруды бақылайды; РМК, РМҚК бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен хат-хабар алысып тұрады. Облыстык аумак инспекция б/ша Қазынашылық Клиент-2 бағдарламасы бойынша шарттарды Қазынашылық органдарында тіркейді; Қазынашылық Клиент-2 бағдарламасы бойынша Қазынашылық органдарында төленетін шоттарды тіркейді; депозиттік шоттың (банктік қамтамасыз етуді етуді енгізу) қозғалысы және өнім жеткізіп берушілерге дер кезінде қайтару бойынша бақылау мен есептілік жүргізеді; ақша қаражатын игеру мәселелері бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен, жаңадан құрылған өнім жеткізіп берушілерді банк операцияларының тізіліміне тіркеу мәселелері бойынша Қазынашылық комитетімен хат-хабар алысып тұрады; облыстық аумақтық инспекциялар бойынша негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық-тауар құндылықтарын есептен шығару жөніндегі комиссияның қарауы үшін материалдар дайындайды; бірінші және екінші болып қол қою (басшылар мен бас бухгалтерге), электронды сандық қолтаңбалар үлгілеріне материалдар дайындалуын бақылайды; Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептілікті, берешек және қаржы қаражатының жетіспеуі бойынша айлық есептілікті бақылайды; ай сайын Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне ОШЖДК берешегі және жетіспеушілігі туралы есеп жүргізу; АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментіне, Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне апта және ай сайын игерілу туралы есеп жіберіледі; 001/100-104; 001/138 бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша ай сайын бюджет қаражатына мониторинг жүргізеді және облыстық аумақтық инспекциялар бойынша жиынтық ақпарат дайындайды; Қазынашылық Клиент-2 бағдарламасы бойынша электронды сандық қолтаңбалар бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғаларға РММ көрсететін қызметтердің тарифтері үшін бұйрық жобаларын келісімдеуге және бекітуге бақылау жасайды; ЕҚТА бойынша ақылы қызметтер (арнайы шот) бойынша жылжытулардың ай сайын өткізіліп тұруына бақылау жасайды; ЕҚТА бойынша ағымдағы жылға арналған арнайы шот бойынша қаржыландыру жоспарының бекітілуін бақылайды; ЕҚТА бойынша ағымдағы жылға арналған штат кестесінің келісімделуі мен бекітілуін бақылайды; ЕҚТА ақылы қызметтер бойынша, Комитеттің бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларындағы өзгерістерді (жылжыту) бақылайды; жиынтық бюджеттік өтінім жобасы мен бюджеттік бағдарламалар жобаларының қалыптасуын бақылайды; жиынтық бюджеттік өтінім жобасы мен бюджеттік бағдарламалар жобаларының ҚР АШМ ҚҚД-іне енгізілуін қамтамасыз етеді; қаржы мәселелері бойынша (ақылы қызметтер, бюджеттік өтінім) ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен хат-хабар алысып тұрады. Басқарма басшысының басқарма Ережесіне сәйкес өзгеде тапсырмаларын орындайды

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.08.2021 – 17.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-12-92