Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы' РММ Петропавл инспекция бөліміннің бас маманы, санаты C-O-5,1 бірлік, № ОПИ-12.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
Функционалды міндеттер
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы талаптардың сақталуын қадағалап бақылау жүргізу. Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды жүргізу. Облыстағы атқарушы органдарға орман, аңшылық және балық шаруашылығы саласы бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Орман, жануарлар дүниесі саласында нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысу. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау, бақылау астындағы су қоймаларында балық ресурстары жасқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру және қатысу. Инспекция атынан талапкер ретінде соттарға қатысу. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, қаулы шығарады:
- Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
- құқық бұзушылық жасау құралы болып табылған заңсыз олжаланған жануарлар және орман ресурстарын, көлік құралдарын және өзге де заттарды алып, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету;
Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Кұрылымдық бөлімше туралы ережеде және лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзге де міндеттерді орындау. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында су қоймаларына бару.Өз құзыреті шеңберінде арыз талаптарды қарастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8-7172-74-12-92