Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы, санаты C-O-5, 1 бірлік, №ОПИОР-2
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Инспекцияның және оның құрылымдық бөлімдерінің жеке құрамының есебін жүргізеді. Кадр мәселелерінің құжарттарын рәсімдейді. Кезекті еңбек демалысының кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Инспекцияның бұйрықтарын, өкімдерін рәсімдейді. Мемлекеттік қызметкерлермен декларация өткізгендіктері жөніндегі анықтама ұсынылуына бақылау жүргізеді. Инспекция құрамының қажетті мамандар, мамандықты және біліктілікті қажет ететін кадрлармен толықтырылынуда жұмыс атқарады. Уәкілетті органға бос лауазымды орындардың тізімін, бос лауазымдық орындарды толықтыруда өтінімдер және басқа да ақпаратты ұсынуға дайындау, сондай ақ, басқа мәліміт есептер. Қолданыстағы заңдылықпен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Инспекцияның бөлімдеріне құқықтық көмек көрсету және әртүрлі құқықтық құжаттарды ресімдеу, талаптарды кері қайтару кезінде, негізді жауаптарды дайындау. Инспекцияның басқа бөлімдерімен бірге тергеу және сот органдарына жіберу үшін, ұрлаулар, ысырап етулер, жетіспеушіліктер туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, табиғат қорғау және еңбек заңналамаларын және басқа заңнамаларды бұзушылық туралы материалдарды дайындау, іс өндірісіндегі және орындалуы аяқталған сот және төрелік істерді сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру. Қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды ресімдеу, қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу. Инспекция қызметкерлерін қолданыстағы заңнамалар мен оларға енгізілген өзгертулер туралы хабарлар етуді жүзеге асыру. Инспекция басшысы қол қойғанға дейін барлық бұйрықтарға, шарттарға, өкімдік сипаттағы хаттарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігіне заңдық тексеріс жүргізу. Сот органдарында Инспекцияның мүддесін білдіру. Іс жүргізуді және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйін бақылайды. Жеткізушілермен алған міндеттемелерін орындаудан жалтартқан, сондай-ақ, орындамаған жағдайда ақпарат келіп түскенде, сот орындарына құжаттар әзірлеу. Басқа бөлімдерге басшылықпен берілген бас маман-заңгерге қатысты бұйрықтар мен тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау. Инспекцияның негізгі атқарымы бойынша жергілікті атқару органдарының қаулыларына нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу. ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне, ШҚО бойынша мемлекеттік істер жөніндегі департамент Агенттігіне, т.б. мемлекеттік органдарға белгіленген нысандағы есептіліктерді, тапсырмаларға, сұрауларға, хаттарға, азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштеріне жауаптар дайындау. Құжаттау ережесіне және бөлімнің бекітілген номенклатурасына сәйкес бөлімде іс қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету, Инспекция мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды дайындау және істерді қалыптастыру. Бөлім басшысының өзге тапсырмаларын орындау. Орындалатын жұмыстың пән саласын білу, лауазымдық нұсқаулықтарды нақты және уақытында орындау, жұмыста бастамашылық пен табандылық көрсету, өз кәсіптік біліктілігін жетілдіру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және орындалатын жұмыстың пән саласын реттемелеуші басқа да нормативтік құқықтық актілерді оқу және білу. Жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері бойынша кіріспе нұсқамалықтан өту. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер және нұсқаулықтармен белгіленген талаптарды, ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау. Сырқаттану немесе басқа себеп бойынша жұмысқа шықпай қалған кезде кідіртпей бөлім басшысына ескерту.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8-7172-74-12-92