Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5, 1 бірлік, №ОЛИООПТ-3
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қызылорда облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Туризм
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Функционалды міндеттер
Орман және жануарлар дүниесін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелері мен ормандарды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластанулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы шаралардың орындалуларын тексеруді жүзеге асыру. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексеру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарын жою. Орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша ағымдағы және болашаққа жоспарларды әзірлеуге, оны өртке қарсы және рекреациялық орналастыруға қатысу. Орман орналастыруды жүргізуге және ормандарды өртке қарсы жабдықтауды жобалауға қатысу. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысу. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерді ұйымдастыру және оларға қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Орманды жандандыру, орман тұқымды жұмыстарды, отырғызу материалдарын өсіру бойынша жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану және ол жұмыстардың сапасын бақылау. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалап, мемлекеттік бақылау жүргізу. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануын қадағалауды мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына, олардың техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізу. Төтенше ақпарат түскен жағдайда жедел шара қолдану. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8-7172-74-12-92