Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы, санаты C-5, 1 бірлік, № УПИОР-7

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Басшылық қол қоюға ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері дайындаған құқықтық мәселелерге қатысты басқа құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Бұл құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда, ұсыныстары бар қорытынды дайындайды. Сотта және басқа құқық қорғау органдарында Комитеттің мүддесін білдіреді, талап қою бойынша жұмысты жүргізеді. Комитетке келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі түрде бухгалтерлік есебін ұйымдастырады. Комитеттің нормативтік-құқықтық қызметіне талдау жасайды және талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілік алады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.08.2021 – 20.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-12-94